Елімізде демалыс күндері локдаун сақталады – А.Цой
09 Қыркүйек 2020 21:57 455

Демалыс күнгі локдаун сол күйі сақтала береді, деп хабарлайды Atameken Business.
Билік коронавирустың өршіп кету қауіпін жоққа шығармады. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі «індетті дер кезінде ауыздықтауға сақадай-саймыз» деп сендіріп отыр. Алексей Цойдың жоспарына сенсек, қосымша төсек-орындар мен өкпені желдету аппараттары көбейтіледі. Тіпті, министр жұрттың дәрі іздеп сандалған кездерін ұмытпапты. Енді препараттардың мөлшері азаймайтындай 2 айлық қоры жиналмақ.