"Былтыр елімізде рекордтық демографиялық өсім тіркелді. 450-460 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Бұл демографиялық өсім сақталады. Оған байланысты Мемлекет басшысы инфрақұрылымды – мектеп, аурухана және т.б. реттеп, демографиялық өсімге жауап беретін саясат құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Елімізде демографиялық өсім күтілуде", - деді Сенат депутаты, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төраға орынбасары Ляззат Сүлеймен.
Комиссия мүшесі Жұлдызай Ысқақованың сөзінше бұл тұста инфрақұрылым мәселесін де ұмытпау керек.
"2019 жылы БҰҰ-ның халықтар мен халықтар туралы болжамы жарияланды. Оған сәйкес 2100 жылға қарай еліміздегі адам саны 28 млн-ға дейін болады деп күтілуде. Алайда одан кейін пандемия басталды. Бүгінгі таңда геосаяси оқиғалар да бұл жағдайға сөзсіз әсер етіп отыр. Бұдан бөлек елімізге мигранттардың келуін де көріп отырмыз. Сол себепті де демография мәселесі маңызға ие. БҰҰ жоғарыда келтірген статистиканы өздері реттейді деп ойлаймын. (...) Біз демографияда күтілетін тәуекелдердің барлығын да ескеруіміз керек. Мектептерде "1 Ю" сыныптары болмас үшін инфрақұрылым дайын болу қажет", - деп атап өтті саясаттанушы, қоғамдық даму мәселелері бойынша сарапшы Жұлдызай Ысқақова.