Елімізде дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы қабылданады

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Елімізде дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы қабылданады Фото: el.kz

Оның айтуынша, министрліктің басты міндеті бұқаралық спортты дамыту, жоғары жетістіктер спортын жетілдіру.

"Осы орайда, Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дене шынықтыру мен спортты дамытудың Тұжырымдамасын қабылдау бойынша жұмыстарды пысықтауда", – деді министр.

Аталған құжатта Мемлекет басшысының тапсырмалары мен "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қол жетімді денсаулық сақтау" Ұлттық жобасының барлық көрсеткіші мен іс-шарасы қамтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу