Сынақ 2025 жылы басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Бұл туралы Алматы қаласында пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинарында айтылды.
Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мамандарымен қатар, ЮНЕСКО өкілдері де қатысқты. Жиында балаларды дене шынықтыру пәніне қызықтыру үшін мектептердің материалдық базасын жаңарту керектігі сөз болды.
ЮНЕСКО аймақтық кеңсесінің сектор меңгерушісі Мақсат Байбеков іс-шараның басты мақсаты – ЮНЕСКО стандарттарына сәйкес мұғалімдердің әлеуетін арттыру екенін айтады. Сонымен қатар спикер "Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі" жобасында 500-ден аса кездесу өткенін жеткізді.
"ЮНЕСКО – Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы. Біз үшін спорт пен дене шынықтыру басты басымдық ретінде саналу қажет. Өйткені, ұлт болашағы дені сау, мақсатты, белсенді жастарға байланысты екенін түсінеміз", – деп түйіндеді ол.
Еске салайық, елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пәндер қосу мәселесі жиі-жиі көтеріліп келеді. Осыған дейін сенат депутаты Евгений Больгерт депутаттық сауалында мектеп бағдарламасына "Қаржы сауаты" пәнін енгізуді сұраған еді.