Елімізде дербес деректердің жаппай таратылғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек

108

Қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұл шегі бірнеше есе артады.  

Елімізде дербес деректердің жаппай таратылғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілмек Фото: iStock

Дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу ұсынылды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрінің сөзінше, ведомство цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне қатысты "нөлдік төзімділік" саясатына көшеді.

"Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5000 АЕК-ке дейін жеткіземіз. Бұдан бөлек дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз", – деді Ростислав Коняшкин.

Ол цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екенін баса айтты. Коняшкиннің айтуынша, жеке ақпаратқа жауапсыз қараудың кез келген фактісі қатаң жазалануы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу