Елімізде діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 адам ұсталды

174

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Елімізде діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 адам ұсталды Фото: ҰҚК

2024 жылы 7 қарашада Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен, полиция органдарының қатысуымен ұсталды. 

17 адамға тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқаны үшін "шығуға болмайтыны туралы қол қою" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген.

"Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері (Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу