Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483- 488 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 484,11 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,03 теңге.
Еуро — 528,79.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,6 теңге. Еуро 530 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00 - 5,11 аралығында саудаланып жатыр.