Елімізде долларға сұраныс 3 есе төмендеді

681

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2022 жылғы ақпанда айырбастау пункттерінің долларды таза сатуы (сату мен сатып алудан шыққан сома) 64,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Елімізде долларға сұраныс 3 есе төмендеді

Ақпандағы бұл көрсеткіш 197,7 млрд теңге болған. Демек ақпанмен салыстырғанда долларға деген сұраныс 3 есе төмендеген. Ал 2021 жылдың желтоқсанында көрсеткіш тіпті 378 млрд теңгеден асты.

Орташа айлық валюта бағамы бойынша наурызда халықтың қолында 130,5 млн доллар қалды.

Салыстырар болсақ, 2021 жылдың соңындағы орташа айлық көрсеткіш 397,2 млн доллар еді.

Долларға қазіргі сұраныс 2021 жылдың наурызынан бері ең төменгі деңгейде. Бірақ жылда көктемнің басы дәстүрлі түрде АҚШ валютасына сұраныс төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу