Ranking.kz мәліметі бойынша, 2019 жылдың басында еліміздегі халық саны 18,4 млн болған, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Соңғы он жылда халық санының орташа өсімі жылына 1,5%-ды құрап отыр.
Адам санының артуы әлемде де, Қазақстанда да қарт адамдар үлесінің өсуімен қатар жүреді. Қазір әлемде 65 жастан асқан 702,9 млн адам өмір сүрсе, ал олардың үлесіне жалпы халық санының 9%-ы (7,7 млрд адам) тиесілі. 2050 жылға қарай олардың саны 1,5 млрд адамға немесе 16%- ға жетеді.
Қазақстанда да бұл тенденция байқалады: егер 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар халықтың 6,8%-ын құраса, 2018 жылдың соңында бұл көрсеткіш 7,5% болды. Болжам бойынша, елімізде 65 жастан асқан адамдардың саны 2050 жылы 14,1%-ға дейін көбеймек.
Табиғат Нұрболат