Елімізде екі банк "Сбербанктің" еншілес банк клиенттерінен теңгемен ақша аударымы мен төлемдер қабылдауды тоқтатты

926

Jusan Bank пен Forte Bank "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің бұл жағдайды түсіндіру туралы өтінішіне жауап бермеген. 

Елімізде екі банк "Сбербанктің" еншілес банк клиенттерінен теңгемен ақша аударымы мен төлемдер қабылдауды тоқтатты

Jusan Bank пен Forte Bank еліміздегі "Сбербанк" клиенттерінен теңгеде төлемдер мен аударымдарды қабылдауын тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

"First Heartland Jusan Bank" АҚ және "Forte Bank" АҚ клиенттерінің пайдасына ұлттық валютадағы төлемдер мен аударымдар бойынша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Осы арқылы сіздерге "First Heartland Jusan Bank" АҚ және "Forte Bank" АҚ ішкі саясатына сәйкес "First Heartland Jusan Bank" АҚ және "Forte Bank" АҚ клиенттерінің пайдасына төлемдер мен аударымдарды қабылдаудан бас тартқанына байланысты "Сбербанк" АҚ еншілес банк клиенттерінің ұлттық валютада төлемдер мен аударымдарды жасау мүмкін еместігі туралы хабарлаймыз", – деп жазылған "Сбербанк" хабарламасында.

Jusan Bank пен Forte Bank "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің бұл жағдайды түсіндіру туралы өтінішіне жауап бермеген. 

"Сбербанктің" еліміздегі еншілес банкі 2022 жылғы 11 қазанға дейін шектеусіз жұмыс істейтін болады деп хабарланған болатын. Себебі АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) онымен жасалатын мәмілелерді аяқтау мерзімін тағы үш айға ұзартқан.

Көрсетілген кезеңде елдегі "Сбербанк" штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Сондай-ақ клиенттерге қандай да бір төлемдер және аударыммен байланысты операциялар да қолжетімді.

Осыған дейін "Сбербанктің" еншілес банкі Қазақстанда 2022 жылғы 7 шілдеде акционерлердің кезектен тыс жиналысын өткізуді жоспарлаған. Онда банкті сату жөніндегі мәмілеге өзгерістер енгізу туралы мәселені талқылау көзделген болатын. Бірақ банктің баспасөз қызметі жиналыс өткізілмегенін хабарлады.

"Бәйтерек" қазақстандық холдингі бүгінде "Сбербанктің" отандық еншілес банкін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын және оның басты үміткері екендігін хабарланған болатын.

Ресейлік ВТБ, Альфа-Банк және Сбербанктің елдегі еншілес банктері наурыз айында АҚШ-тың санкциясына ілікті. Мамыр айында Альфа-Банктің еншілес банкін отандық "ЦентрКредит" банкі сатып алған. Сбербанк пен ВТБ-ның еншілес банктеріне инвесторлар іздестіріліп жатыр деп хабарланған.

АҚШ 6 сәуірде Сбербанкке санкциялар салды. Бұл АҚШ-тағы активтердің "тоқтатылуын", сондай-ақ АҚШ азаматтарына бұл банкпен кез-келген операцияларды жүргізуге тыйым салынғанын білдіреді. Банк SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне енгізіліп, аталған ұйымдармен операциялар 2022 жылғы 12 шілдеге дейін аяқталуы тиіс болатын. 

Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы 1 маусым бойынша "Сбербанктің" еншілес банкі активтер көлемі жөнінен 22 банк арасында екінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу