Биыл Қазақстанда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алғысы келетін отбасылардың республикалық деректер базасы жұмысын бастады, деп хабарлайды Baq.kz.
Онда 7236 бала тіркелген. Ал деректер базасы арқылы 2010 отбасы бала асырап алуға ниет білдірген. Мұны білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар әрі балаларды асырап алғысы келетін отбасылардың республикалық деректер банкі жұмыс істей бастады. Қазір деректер базасында 7236 бала тіркелген. Оларды асырап алуға 2010 отбасы тілек білдірген", – деп жазылған хатта.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу