Қазақстанда 2 жоғары оқу орнының атауы ауысты

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. 

Қазақстанда 2 жоғары оқу орнының атауы ауысты Фото: gov.kz

Екі өңірдегі жоғары оқу орны атауының өзгеруіне министрліктің бұйрығы әсер кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты "Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті" болып өзгертілді. 

Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы Семей университетінің атауы "Шәкәрім университеті" болып ауысқан. 

Еске салайық, Арқалық педагогикалық институты 1972 жылы 12 сәуірде құрылды, 1977 жылы қазанда жоғары оқу орнына Ы.Алтынсаринның есімі берілді.

Ал Шәкәрім атындағы университет 1934 жылы Семей педагогикалық институты ретінде жұмысын бастаса, 1936 жылы оқу орнына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. 1993 жылы институтқа Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу