Елімізде екінші АЭС қайда салынуы мүмкін?

224

​Бұл мәселеде барлық факторлар ескерілетін көрінеді.

Елімізде екінші АЭС қайда салынуы мүмкін? Фото: canva.com

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Сенат кулуарында екінші АЭС салынатын орынға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер министрлік өкілінен екінші АЭС қайда салынады деп сұрады.

"Әзірге екінші АЭС қайда салынатыны туралы шешім қабылданбады. Сол себептен оны Маңғыстау өңірінде немесе басқа аймақта салынады деп айта алмаймыз. Алайда тарихи тұрғыдан алсақ, елімізде бұл жүйені дамытуға болатын бірнеше орын бар екені белгілі. Сондықтан да Ақтау мен Курчатов туралы да айтылады. Себебі Маңғыстау облысында бұрын атом станциясы болғаны өздеріңізге белгілі. Курчатовта ұлттық ядролық орталықтың үлкен әлеуеті бар. Сондықтан осы алаңдар талқыланып жатыр. Бірақ екінші АЭС-тың орны бойынша шешім жоқ",  деді вице-министр.

Сұңғат Есімханов бұл мәселеде барлық факторлар ескерілетінін айтты. Атап айтқанда, экономикалық, энергетикалық жүйелер, жергілікті халықтың талап-тілектері.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда алғашқы АЭС салынатын орын белгілі болғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу