Елімізде екінші рет локдаун енгізіле ме?

635

Кезекті локдаунға кәсіпкерлер дайын ба?

Елімізде екінші рет локдаун енгізіле ме?

Кезекті локдаун енгізіле ме? Бұл сұраққа бүгін Президенттің өзі жауап береді, деп хабарлайды Atameken Business.

Сағат 15:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII Съезі өтеді. Оған президенттен бөлек Асқар Мамин, Тимур Құлыбаев, Абылай Мырзахметов, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері, КСМ: салалық қауымдастықтар және кәсіпкерлер қатысады. Күн тәртібінде коронавирустың кесірінен туындаған бизнестің проблемалары және кезекті локдаунның алдын алу үшін қабылданатын шаралар талқыланады. Съез алғаш рет онлайн режимде өтеді.

Оның қорытынды қандай боларын әзірге білмейміз. Бір білетініміз, Үкімет қазір Локдаун енгізбеудің барлық әрекетін жасап жатыр. Бірақ ол биліктегілерге ғана байланысты емес. Біз бен сізге де тікелей қатысы бар. Сақтық шараларын сақтамай, вирус жұқтырғандар саны күрт артса, локдауннан қашып құтылмасымыз анық. Бұл жағдайға кәсіпкерлер дайын ба? Бұл сұрақтың жауабын скайп арқылы байланысқа шыққан белгілі кәсіпкер, экономист Қайрат Құдайбергеннен білдік:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу