Елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеді

2614

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы құлдырау және құрылыстағы төмендеу тұтастай алғанда экономикалық өсімге кері әсер етті. 

Елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеді

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан өңірлерінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақсыз жағдай байқалады, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

"Биыл жыл басынан бері еліміздің кейбір аймақтарында тұрақсыз жағдай байқалуда. Өнеркәсіп саласы бойынша Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарында диинамика төмендеді", – деді Тимур Сүлейменов үкімет отырысында. 

Бұл аймақтарда мұнай, газ конденсаты, уран кенін өндіру, тегіс прокат және жүк вагондары өндірісі қысқарғанын атап өтті министр.

Оның айтуынша, құрылыс бойынша 6 өңірде өсім төмендеген. Бұлар – Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары. 

"Негізгі капиталға инвестиция көлемінің айтарлықтай төмендеуі үш өңірде байқалады", – деді Тимур Сүлейменов. 

"Жалпы 2019 жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында өсімнің баяулауы байқалады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларындағы құлдырау және құрылыстағы төмендеу тұтастай алғанда экономикалық өсімге кері әсер етті. Біздің бағалауымызша, аталған салалардың ЖІӨ өсіміне теріс үлесі 1,1 п.п. құрады", – деп атап өтті министр. 

Министр салалар мен өңірлер бойынша экономикалық өсімнің төмендеу себептері зерттеліп, сол бойынша жұмыс жүргізілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу