Елімізде екпе алған азаматтарға бірқатар шектеулер алынып тасталады

979

Үндістаннан келген адамдар 14 күнге оқшауланады.

Елімізде екпе алған азаматтарға бірқатар шектеулер алынып тасталады

COVID-19-ға қарсы вакцина алғандар санының біртіндеп көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Жарлығымен, екпенің толық курсын салғызғандар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен ұйымдасқан топтар, медициналық университеттер мен колледждердің студенттері, ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшылар, медицина қызметкерлері, демалыстан, іссапардан қайтақанда, ауруханаға жатқызудың кез-келген түріне ПТР-тест қажет емес", – деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар, тәулігіне 400 мыңға дейін жағдай тіркелетін Үндістандағы коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, сол елде кең таралған штамды қазақстандықтарға жұқтырмау үшін қосымша шаралар қабылданды. Осылайша Қазақстан Республикасына, оның ішінде үшінші елдер арқылы келген және Үндістаннан соңғы 14 күнде келген адамдар, олардың COVID-19 сертификатының бар-жоғына қарамастан 14 күн ішінде үйде оқшауланады. 

"Халықтың ең көп санын вакцинациямен қамту арқылы ғана біз әдеттегі карантинсіз өмірімізге ораламыз.Тәуекел тобына бірінші кезекте 60 жастан асқан адамдар кіреді, олардың 80% -ында асқынулар пайда болады және олар қарқынды терапияға бөліміне жатқызылады. Сондықтан вакцинация әрқайсымыз үшін, сонымен бірге өзіміздің жақын адамдарымызды да қорғау үшін маңызды", деді Айжан Есмағамбетова. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу