Елімізде ЭКСПО-2017 кезінде шетелдік әуе желілерінің жаңа рейстері ашылады

1145

Елімізде ЭКСПО-2017 кезінде шетелдік әуе желілерінің жаңа рейстері ашылады

Еліміз ЭКСПО-2017  көрмесі кезінде жаңа рейстер ашу туралы бірқатар шетелдік әуе желісімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Берік Қамалиев баспасөз жиынында мәлім етті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"ЭКСПО шеңберінде ҚР Үкіметінің қолдауымен "ашық аспан" жүйесі бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз фин, польшалық әуе желілері сияқты жаңа әуе желілерімен келіссөздер жүргізіп, келісімге қол қойдық.. Венгриямен де келісім бар, австриялық, чехиялық әуе желілерімен рейстерді жаңартып жатырмыз. Одан басқа, Қытайдан Air Chinа компаниясы ұшатын болады. 12 желтоқсанда біз Air Astana және Scat әуе компаниялары үшін қосымша слоттар сұраймыз, осылайша, Алматыдан Сеань, Теһран бағыты бойынша жаңа халықаралық рейстерді ұлғайтпақпыз", – деді Б. Қамалиев.

Сондай-ақ, вице-министр Оңтүстік-Шығыс Азиядан, Қытай мен Кореядан Алматы мен Астана арқылы Еуропаға, Парижге, Лондонға әуе қатынастары бойынша транзиттің даму мүмкіндігі барын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу