Елімізде экспортталатын тауарлардың жиынтығы жасалды

1211

Елімізде экспортталатын тауарлардың жиынтығы жасалды

Елімізде экспортталатын тауарлардың жиынтығы жасалды. Оған жеті саланың 116 өнімі еніп отыр. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Сала басшысының айтуынша, тізім көліктік қолжетімділік, елдер импортының құрылымы, индекс талаптары бойынша түзілген. Тауарларды 27 елге шығару көзделіп отыр. Олар Ресей, Қытай, Беларусь, Иран, Қырғызстан және Түркия мемлекеттері. Белгілі болғандай соңғы 10 жылда экспорт көлемі екі есе ұлғайып, 6,3 млрд долларды құрап отыр. Сондай-ақ, министр "ұлттық экспорттық стратегиясы" аясында шикізаттық емес тауарларды сыртқа тасымалдау көлемі артатындығын айтты.

Тимур Сүлейменов, ҚР ұлттық экономика министрі:

"Шикізаттық емес өнімнің экспорт көлемін 2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай екі есе ұлғайту жөніндегі стратегиялық мақсатқа жетуге бағытталған. Бағдарлама бес жылдық кезеңге әзірленген. Оны ойдағыдай іске асыруға нысаналы индикаторлар. Біріншіден шикізат емес экспорттың көлемін 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2022 жылға дейін 1,5 есеге ұлғайту. Екіншіден қызығушылығы басым әрі жоғары елдерге шикізат емес тауарлар позициясын экспортын өсіру".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу