Елімізде экспорттың рекордтық көлемі тіркелді

501

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 98,4 млрд долларды құраған.  

Елімізде экспорттың рекордтық көлемі тіркелді Фото: aa.com.tr

Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 72,9 млрд долларға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

ҚР экспортының номиналды көлемі – 63,8 млрд доллар. Бұл 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда 47,5%-ға артық (43,3 млрд доллар).

ERI есептеулері бойынша, ҚР экспортының нақты өсімі негізгі экспорттық позициялардың бағасы жоғары болуына байланысты шамамен 2,8-3%-ды құрайды. Мұнайдың тоннамен жеткізілуі небәрі 1,6%-ға, экспорттық түсімдер 63,4%-ға өсті.

Елдер бойынша экспорт:

  • Италияға 84%-ға, яғни 11,2 млрд долларға;
  • Қытайға 43%-ға, яғни 10,3 млрд долларға;
  • Ресейге 15%-ға, яғни 5,9 млрд долларға;
  • Нидерландыға 24%-ға, яғни 4,1 млрд долларға;
  • Кореяға 2,9 есе, яғни 3,6 млрд долларға;
  • Түркияға 71%-ға, яғни 3,6 млрд долларға;
  • Өзбекстанға 36%, яғни 2,6 млрд долларға дейін өсті.

2022 жылғы 9 айдағы ҚР экспортының құны (63,8 млрд доллар) алдыңғы 7 жылдағы жеткізілімдердің жылдық көлемінен асып түсті. Жылдық көлемде соңғы рет өсім 2014 жылы (79,5 млрд доллар) көп болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу