Елімізде елді мекендерді жер сілкінісінен қорғау жөніндегі бағдарлама әзірленеді

284

Алматыда "Орталық Азиядағы жер сілкінісінің болжамы, сейсмикалық қауіп пен сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау" тақырыбында XI Қазақстан-Қытай халықаралық симпозиумы өтуде. 

Елімізде елді мекендерді жер сілкінісінен қорғау жөніндегі бағдарлама әзірленеді Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аталған іс-шараға жетекші ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, инженерлер, 9 елден келген ғалымдар қатысуда. Симпозиумның мақсаты – табиғи апатқа байланысты тәуекелдерді азайту, Қазақстан аумағымен қатар өзге елдерде де ықтимал жер сілкінісінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылау.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Сейсмикалық төзімділік және зерттеу орталығының директоры Еркен Алдахов паспорттау нәтижелері мен эксперименттік зерттеулер деректері негізінде Алматы қаласының тұрғын үй қорының сейсмикалық тәуекелі мен сенімділігін ықтималды бағалау мәселелеріне тоқталды. Ол әртүрлі типтегі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігін эксперименттік зерттеу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту әдістерін жетілдіру, сейсмикалық қауіп пен қатерді бағалаудың болжамды әдістері мен процедураларын жетілдіру туралы айтты.

Оның баяндамасында сейсмикалық қауіпті бағалау талаптарына, оның ішінде сейсмикалық қауіпті аумақтағы қала ретінде Алматы қаласына ерекше назар аударылды. Бұл – инженерлік зерттеу жүргізу, тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, еліміздің елді мекендерін жер сілкінісінен қорғау жөніндегі бағдарламаны әзірлеу айтылды.

Сондай-ақ, симпозиум аясында табиғи және техногендік жер сілкіністерінен келтірілетін залалды азайту әдістері мен технологияларын енгізу, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде жер сілкінісіне төзімді құрылыс сияқты негізгі проблемалар мен өзекті мәселелер талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу