Елімізде электр энергиясы тағы қымбаттайды

1065

Жалақының төмен болуынан саладағы білікті мамандар жұмыстан кетуде. 

Елімізде электр энергиясы тағы қымбаттайды

2021 жылдың наурызындағы мәліметке сәйкес, электр энергиясы тарифтері бір жылда 2,3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың наурызында тарифтердің жылдық өсімі 4% болған.

Қазақстанда электр энергиясының бағасы айтарлықтай көтерілуі мүмкін: осы жылдың 1 сәуірінде Энергетика министрлігі энергия өндіруші 45 компанияның 37-сі үшін электр энергиясының шекті бағасын бекітті. Орташа өсім – 15%. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша энергетикалық активтердің 53%-ы тозған. Олардың басым бөлігі 1960-1970 жылдары пайдалануға берілген.

Сондай-ақ электр және жылу энергетикасы саласында кадр тапшылығы сезіледі. Жалақы төмен болғасын білікті мамандар жұмыстан кетіп жатыр.

Алайда электр энергиясын өндіру өсуде. 2021 жылдың
қаңтар–наурызында 30,7 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артық. 

Электр энергиясын тұтыну көлемі де өсуде: бір жылда ол — 3,4%-ға өсіп, 30 млрд кВт/сағат электр энергиясы пайдаланылған.

Электр энергиясын негізінен жылу және газ турбиналы электр станциялары өндіріп жатыр: 28,1 млрд кВт/сағат. Бұл 2020 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 7,8%-ға артық.

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі 9,5%-ға немесе 1,9 млрд кВт/сағатқа қысқарды.

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарының энергияны өндіруі 57,2%-ға немесе 693,5 млн кВт/сағатқа өсті. ЖЭК үлесі 1,5%-дан 2,3%-ға артты.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу