Елімізде электр энергиясына сұраныс артты, өндіріс көлемі азайып барады

508

"KEGOC" компаниясының дерегінше, электр станциялары биыл 8,52 млрд кВт өндірген. Ал тұтыну көлемі 8,54 млрд кВттан асады, деп жазады inbusiness.kz.  

Елімізде электр энергиясына сұраныс артты, өндіріс көлемі азайып барады Фото: otyrar.kz

Қуат көзінің тапшылығы мамыр айынан басталған. Жарық тек Павлодар мен Атырау облысында жеткілікті. Өзге өңірлерде керісінше қуат көзі тапшы. Сонымен бірге жыл сайын электр қуаты жетпейтін аймақтар көбейіп келеді.

Рэнкинг агенттігінің зерттеуінше, энергия тапшылығына майнерлердің жұмысы да әсер еткен. Әсіресе, "көлеңкеде" криптовалюта жасаумен айналысқан компаниялардың әрекеті.

Жауаптылар: "Энергия көзі жабдықтарының жиі істен шығуы да қуаттың азаюына себеп", - дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу