Елімізде электр энергиясына жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін

525

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жауап берді. 

Елімізде электр энергиясына жаңа тарифтер енгізілуі мүмкін Фото: Aikyn.kz

Үкімет басшысы электр энергиясы көтерме сауда нарығының жаңа моделін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бүгінгі таңда Үкімет электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде көтерме нарықтың жаңа моделін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша тиісті түзетулер Сенат қарауында", - деді Үкімет басшысы депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның сөзінше, аталған модельге сәйкес электр энергиясына сағаттық тарифтер қарастырылатын болады. Бұл ірі көтерме тұтынушыларды, оның ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды кешкі уақытта күнделікті кестеден ауытқуды азайтуға, электр энергиясын ең аз сұраныс кезеңінде (түнде) төмен бағамен тұтынуға ынталандырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу