Елімізде электр энергиясының тарифі қымбаттайды

430

Өсім 2024 жылдан бастап болады деп жоспарланып отыр.

Елімізде электр энергиясының тарифі қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрлігі "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы" 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрыққа өзгерістер әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Көрсетілген бұйрық жобасына сәйкес, бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтер жаңа редакцияда жазылды.  

Энергетика министрлігінің есептері бойынша 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық көлемі 108 млрд теңгені құраған.

"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге/МВт құрауы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - деп жазылған бұйрық жобасында.

Құжатты жария талқылау 22 қыркүйекке дейін жалғасады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу