Елімізде электр энергиясының тарифтері өзгереді

221

Өзгерістер 1 қыркүйекте енгізіледі деп жоспарланған.

Елімізде электр энергиясының тарифтері өзгереді Фото: canva.com

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерге өзгерістер енгізу туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың бірінші тобында шекті баға 8,05-тен 8,27 теңге/кВтсағ-қа дейін, екіншісінде – 7,40-тан 7,98 теңге/кВтсағ-қа дейін, тоғызыншысында – 8,49-дан 9, 27 теңге/кВтсағ-қа дейін өседі.

Өзгерістер енгізілетін компаниялар:

Еуроазия энергетикалық корпорациясы
"Астана-Энергия"
"Алюминий Қазақстана"
"Степногорск ЖЭО"
"Жаңажол ГТЭС"
"3-Энергоорталық"
"Казхром"ТНК"

Бұйрықта түзету энергия өндіруші ұйымдардан тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған негізгі шығындардың, атап айтқанда, тасымалдауға, бағаның өсуіне, жалақыға және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын отын шығындарының ұлғаюымен байланысты екені түсіндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу