Елімізде электр қуаты 6 пайыз қымбаттайды

1169

Бұл қазақстандықтар үшін ай сайынғы қызмет ақысы шамаман 200 теңгеге қымбаттайды деген сөз.

Елімізде электр қуаты 6 пайыз қымбаттайды

Елімізде электр қуаты қымбаттайды. Жыл соңына дейін Алматы мен өзге де аймақтарда тариф орта есеппен 6 пайызға өсуі мүмкін. Бұл қазақстандықтар үшін ай сайынғы қызмет ақысы шамаман 200 теңгеге қымбаттайды деген сөз, деп хабарлайды Atameken Business.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті аталған коммуналдық қызметтің шектік бағасы орта есеппен 17 пайызға көтерілгенін хабарлады. Яғни әр киловатт-сағаты 17 теңге 14 тиын. Бұл осыған дейінгі тарифтен 1 теңге 25 тиынға қымбат. Комитет жыл соңына дейін Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматыда тариф 6 пайызға көтерілетінін болжап отыр.

Айта кету керек, коммуналдық қызмет құны 2015 жылдан бері 5 жыл мерзімге алдын ала белгіленеді. Өз кезегінде табиғи монополия субьектісі шектік баға көтерілсе тарифты өзгерту бойынша өтінім бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу