Елімізде электромобильдер саны 13,5 есеге өсті

324

Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 4315 бірлік.

Елімізде электромобильдер саны 13,5 есеге өсті Фото: inbusiness.kz

Электр қуатымен жұмыс істейтін көліктер саны 13,5 есеге өсті, 570-тен 7680 бірлікке дейін (2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2023 жылғы 1 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда).

Оның ішінде электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 16,7 есеге, 443-тен 7383 бірлікке дейін өсті (2023 жылғы желтоқсанмен 2024 жылғы желтоқсан айын  салыстырғанда).

Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 4315 бірлік, Астанада – 945 бірлік және Алматы облысында тіркелген – 354 бірлік. Ең аз электромобильдер саны Абай ауданында. Онда бар болғаны 14 электромобиль бар.

Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін жүк көліктерінің саны 2 есеге, 127 бірліктен 262 бірлікке дейін өсті. Жоғарыда аталған көліктердің негізгі саны Алматы қаласында (94 бірлік) және Алматы облысында (17 бірлік) жүреді.

2023 жылдың 1 желтоқсанына электр қозғалтқышында 35 автобус тіркелген, олар негізінен Астана (21 бірлік) және Алматы (11 бірлік) қалаларында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу