Елімізде электронды денсаулық төлқұжаты пайда болады

1302

Елімізде электронды денсаулық төлқұжаты пайда болады

Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, атап айтсақ, бұл бірыңғай интеграциялық платформаны құру, осы әрбір азаматта электрондық денсаулық төлқұжаты болады. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Денсаулық сақтауды  жаңғырту мақсатында, уақыт пен шығынды қысқарту негізінде  жаңа ақпараттық технологияларға көшу қарастырылған. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда  медициналық ұйымның көп бөлігі  электрондық  форматқа көшкен жоқ. Осыған орай,  бірқатар  инвестициялық  жобаларды жүзеге асырылуда, атап айтсақ, бұл бірыңғай  интеграциялық  платформаны  құру, әрбір азаматта   денсаулықтың  электрондық  төлқұжаты  болуы керек", – деді Елжан Біртанов.

Министр айтып өткендей, электрондық  денсаулық  төлқұжаты  2018 жылы іске қосылады.

"Келесі жылдан бастап  барлық тіркеулер электрондық төлқұжатта сақталатын болады.  Әрбір азамат өзінің жеке кабинетіне ие болады, медициналық қызмекерде де өзіне тән жеке кабинеті болады. Бұл барлық  мемлекеттік  және жеке клиникаларға  корпоративтік  ақпараттық  жүйе мен  бір терезе ұстанымы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді", – деді Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу