Елімізде электронды сандық қолтаңба арқылы несиелендіру басталды

800

Елімізде электронды сандық қолтаңба арқылы несиелендіру басталды

Елімізде электронды сандық қолтаңба арқылы несиелендіру басталды.  Аталған жүйені ең алғаш болып, микроқаржылық ұйымдардың бірі енгізіп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың айтуынша,  жоба басталған бір айдың ішінде 500-ден астам адам  электронды сандық қолтаңба арқылы несие алуға өтініш білдірген. Оның 100-ден астамына несие рәсімделген. Займның негізгі сомасы 200 мыңнан 500 мың аралығын қамтиды. Жаңа жүйе арқылы рәсімдеу уақыты 15 минутқа дейін қысқарған. Ал  микроқаржылық ұйым бір жылда  300 млн теңгеге үнемдеуді көздеп отыр.

Естеріңізге салсақ, бүгінде 5 млн 200 мың  қазақстандықтың электронды цифрлық қолтаңбасы бар және ол жеке тұлғаның өз қолымен қойылған қолтаңбасына теңестірілген.

"3,44 жоба басталған соң, бір аптаның ішінде тұтынушылардың 1-3 пайызында электронды қолтаңба бар екені анықталды. Ал мамыр айының аяғында олардың үлесі 10 пайызға жетті. Жылдың соңына қарай тұтынушылардың 50 пайызы осы тәсілмен несие алады деп жоспарлап отырмыз", - дейді ID Finance компаниясының атқарушы директоры Алина Дзоекаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу