Елімізде емдеу мекемелері жанынан бақылау кеңесі құрылады

737

Емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құрылады.  

Елімізде емдеу мекемелері жанынан бақылау кеңесі құрылады Фото: gov.kz

Бұл туралы Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Еліміз бойынша шаруашылық есепте жұмыс істейтін ауруханалар мен емханаларда мемлекет қаражатын есепсіз жұмсау деректері көбейіп барады. Көп жағдайда бас дәрігерлер мен емхана меңгерушілерінің қаржылық сауатының кемшілігінен миллиондаған қаржы талан-таражға түседі. Осыған орай енді әрбір емдеу орындарының жанынан бақылау кеңесі құру жөнінде ұсыныс қабылданды.

"Бақылау кеңесін жергілікті әкімдіктер құра алады. Оның құрамына жергілікті мәслихат депутаттары, волонтерлер, қоғам белсенділерін де тартуға болады. Бастысы, кеңес мүшесінің қаржылық сауаты болуы керек. Медициналық нысандардың кіріс-шығысы толық есептеледі. Бюджет ақшасы мақсатты жұмсалуы керек", - дейді Ұлттық құрылтай мүшесі Диляра Қайдарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу