Елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады

504

Тіркелу науқаны кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды.  

Елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады Фото: inbusiness.kz

Қыркүйектің 15-нен бастап елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады. Еліміздің әрбір азаматы екі ай ішінде, яғни 15-қарашаға дейін таңдау еркі бойынша медициналық ұйымдарға тіркелу мүмкіндігіне ие.

Бұл ретте медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келер жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді. 

Тіркеу науқаны денсаулық сақтау нысандарының дерекқорында тіркелген және тегін медициналық көмек пен МӘМС бойынша медициналық қызметті көрсететін ұйымдар арасында ғана жүргізілетінін атап өтеміз. Қормен келісім шарты бар емханалардың тізімімен www.fms.kz сайтында "Емхананы таңдау" бөлімінде танысуға болады.

Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтар бұрын бекітілген емханаларында медициналық қызмет түрлерін алуды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу