Елімізде ең көп таралған онкологиялық ауру түрлері аталды

1338

Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам қазақстандықтық қатерлі ісікке шалдыққан.

Елімізде ең көп таралған онкологиялық ауру түрлері аталды Фото: Pacient.club

Ұлттық ғылыми онкология орталығы Қазақстанда ең көп таралған онкологиялық ауру түрлері атады.

Мамандардың хабарлауынша, онкологиялық аурулар құрылымында сүт безінің қатерлі ісігі республикада ең жиі кездеседі. 

“Жыл сайын аурудың 5 мыңға жуық жаңа дерегі анықталады және ісіктің осы түрінен мыңнан астам өлім-жітім тіркеледі. Өлім-жітім құрылымында сүт безінің қатерлі ісігі төртінші орында тұр. Ең көп таралған онкологиялық ауру түрлерінің ішінде екінші орында өкпенің қатерлі ісігі орналасты. Онкологиядан болатын өлім-жітім бойынша бұл ауру түрі бірінші орында тұр”, - делінген орталық таратқан ақпаратта.

Үшінші орында тоқ ішек ісігі орналасты. Өлім-жітім бойынша бұл дерт үштікке кіреді.

“Төртінші орында – асқазан қатерлі ісігі. Бұл дерт онкологиялық өлім-жітім құрылымында екінші орында тұр”, - деп хабарлады Ұлттық ғылыми онкология орталығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу