Қай өңірдің мұнайы қымбат екені белгілі болды

830

Қай өңірдің мұнайы қымбат екені белгілі болды

2018 жылдың наурызында Қазақстан мұнайы 1,8% қымбаттап, бір тоннасы 52,4 мың теңгеге саудаланды, деп хабарлайды LS.

Ал ақпан айында оның бағасы 51,5 мың теңге болды. Жыл басынан бері мұнай 6,9% қымбаттаған.

Статистикаға сүйенсек, наурызда ең қымбат саудаланған Қызылорда мұнайы екен. Бұл өңірде шикізат тоннасы 76,2 мың теңгеге бағаланды (жыл басынан бергі өсім - 10,8%).

Ақтөбе мұнайы 15, 7% (тоннасы - 59,7 мың теңге) қымбаттаған. Маңғыстау мұнайына баға - 17,1 % (тоннасы -50,4 мың теңге), Атырау мұнайына 1,5% (48,8 мың теңге тоннасына) өскен.

Өткен айда бензиннің тоннасы 141,3 мың теңге болды, бір айда  - 4,5%, ал жыл басынан бері 1,5% арзандаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу