Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңгеге жетті

599

16 өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен төмен.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 49,5 мың теңгеге жетті Фото: inbusiness.kz

Биылғы шілдеде Қазақстанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 49,5 мың теңге болды. Бұл былтырғыға қарағанда 10,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Төменгі күнкөріс деңгейінің ең үлкен мөлшері Маңғыстау облысында: 62,2 мың теңге.  Екінші орында Астана (56,4 мың теңге) орналасты. Үздік үштік қатарында Шығыс Қазақстан облысы (52,4 мың теңге) бар. Бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі республикадағы орташа мәннен біршама асып түсті. Бестік қатарында Алматы мен Павлодар облысы енді: тиісінше 51,2 мың және 49,4 мың теңге. Елдегі 20 өңірдің тек төртеуінде ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен артық.

Күнкөріс деңгейінің ең аз шамасы Қызылорда (44,3 мың теңге), Түркістан (44,4 мың теңге) және Ақтөбе (45,2 мың теңге) облыстарында тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу