Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 17%-ға артты

608

Өткен жылдың қазан айында бұл көрсеткіш  41,1 мың теңге болған.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 17%-ға артты Фото: vkurse.kz

2022 жылдың қазан айында елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 48,1 мың теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 17,1%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына  сілтеме жасап.

Республика бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары шамасы Маңғыстау облысында байқалды (60,8 мың тг). Одан кейінгі орындарда Астана (52,6 мың тг) және Алматы (51,5 мың тг) қалалары орналасқан.  Бестіктер қатарына Шығыс Қазақстан (50,1 мың теңге) мен Ақмола (48,1 мың теңге) облыстары кірді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең төмен көрсеткіші 1-3 жас аралығындағы балаларда (37,3 мың тг), ал ең жоғары көрсеткіш 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде (60,1 мың тг) тіркелді.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі 1-3 жастағы қыз балалар үшін – 36,5 мың тг, 14-17 жастағы қыздар үшін 46,1 мың тг болып белгіленді.

Елімізде ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі әйелдердікіне қарағанда едәуір жоғары екенін айта кету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу