Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

323

Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті Фото: canva.com

Елімізде тағы да ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге – 21 911 теңге жұмсауы керек, деп жазды qazaqstan.tv.

Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр.

Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр.

Ал, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу