Елімізде ең төменгі жалақы көбейсе, мобильді аударымдарға қатысты бақылау шегі де өзгеруі мүмкін

86

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері мәлімдеді.  

Елімізде ең төменгі жалақы көбейсе, мобильді аударымдарға қатысты бақылау шегі де өзгеруі мүмкін Фото: fingramota.kz

Егер ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өссе, онда осы шекті сома да артып, шамамен 1,8 миллион теңгеге жетуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Қазір салық органдары азаматтардың банк операцияларын тексеру кезінде үш негізгі критерийге назар аударады: үш ай ішінде 100 және одан көп адамнан ақша түсуі және жалпы сома 1 020 000 теңгеден асуы. Бұл көрсеткіш 12 ең төменгі жалақыға тең.

Мамандардың айтуынша, барлық есептеулер ең төменгі жалақыға тікелей байланысты. Сондықтан ол өзгерсе, салықтық бақылау талаптары да бірге қайта қаралады.

Сонымен қатар, биыл банктер салық органдарына азаматтардың шоттары туралы мәлімет берді, тексеріс нәтижесі бойынша кейбір қазақстандықтарға ескерту жіберілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу