Қазақстанда 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚМДБ-ның 2021 жылғы кеңейтілген қорытынды мәжілісінде Бас мүфтидің бастамасымен 200 имамға жыл бойы ең төменгі жалақы көлемінде айлық тағайындалған еді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 532 дін қызметкеріне өсті", – деп жазылған хабарламада.
"Оның ішінде өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 200 ауыл имамы, үздік 200 медресе шәкірті және 132 медресе ұстазы бар. Ал қазіргі таңда ҚМДБ ұйымдастыруымен 800-ге жуық дін қызметкері жалақымен қамтамасыз етілуде", – деді ҚМДБ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу