Ақтау қаласында жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сайысқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан мемлекетінен командалар жиналды.
Үш күн бойы қатысушылар ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясынан бастап жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмекке, жаңа туған нәрестелерді қадағалап-қарауға және акушерлік асқынулар кезінде алғашқы көмек көрсетуге дейінгі нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Жамбыл облысы
2 орын – Абай облысы
3 орын – Астана қаласы
Шетелдік командалардың арасында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Беларусь
2 орын – Ресей
3 орын – Әзербайжан
Арнайы номинациялар алғандар:
"Үздік командалық жұмыс" – Павлодар облысы
"Жеңіске деген жігері үшін" – Ұлытау облысы
Жекелеген санаттарда үздік деп танылғандар:
PALS: Шымкент (1 орын), Түркістан облысы (2 орын), Қостанай облысы (3 орын)
NRP: Ақтөбе облысы (1 орын), Батыс Қазақстан облысы (2 орын), Алматы облысы (3 орын)
PHTLS: Атырау облысы (1 орын), Ақмола облысы (2 орын), ШҚО (3 орын)
ACLS: Қызылорда қаласы (1 орын), Жетісу облысы (2 орын), Қарағанды облысы (3 орын)
Триаж: Солтүстік Қазақстан облысы (1 орын), Маңғыстау облысы (2 орын), Алматы қаласы (3 орын)
Ұйымдастырушылар шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы және ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы – чемпионат тек кәсіби жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті.
Іс-шара кадрлық әлеуетті нығайтуға және ел азаматтары үшін шұғыл көмек сапасын арттыруға ықпал етеді.