Елімізде еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітіледі

636

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Елімізде еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын” әзірледі.

Елімізде еңбек нарығын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітіледі Фото: Massaget.kz

Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кешенді жоспардың орындалуынан күтілетін нәтижелер:

1. 2028 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендету;

2. Сапалы жұмыс орындарының санын 3,5 млн жұмыс орнына дейін ұлғайту.

Құжатта еңбек нарығын дамытудың басты бағдары – жұмыс орындарының санын, сапасын және инклюзивтілігін арттыру үшін жағдайлар жасау. 

“Кешенді жоспардың маңызды аспектісі сапалы жұмыс орындарын ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыспен қамту деңгейін арттыруға ықпал ететін шағын және орта бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету маңызды.

Кешенді жоспардың тағы бір маңызды бағыты цифрлық экономиканы дамыту және ақпараттық технологиялар саласындағы халықтың біліктілігін арттыру болып табылады. Бұл жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға және жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді”, - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 5 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу