Елімізде эпидемиологиялық жағдайды бағалау әдістемесі өзгерді

694

Матрица Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсыныстарын ескере отырып жаңартылды.

Елімізде эпидемиологиялық жағдайды бағалау әдістемесі өзгерді

Жаңартылған мәліметтер бойынша Қазақстанның барлық өңірлері "жасыл" аймақта. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Матрица ДДҰ ұсыныстарын ескере отырып жаңартылды. Енді, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалық есепке алынды. Яғни бұрын 100 000 адамға шаққандағы жеті күндегі аурушаңдықтың орташа тәуліктік көрсеткіші есепке алынса, енді 100 000 адамға стационарға жатқызылғандардың тәуліктік көрсеткіші есептеледі", – деді министр.

Жаңартылған мәліметтер бойынша Қазақстанның барлық өңірлері "жасыл" аймақта.

"Жасыл" аймақ: R репродуктивті санына қарамастан ауруханаларда 2 500 науқасқа дейін жатқан кезде; ауруханаларда 5 000 адамға дейін орналастырылғанда және репродуктивті саны R 1-ден аз.

"Сары" аймақ: Ауруханаларда 5 000 науқасқа дейін және R 1-ден жоғары болса; ауруханаларға 5000-нан 10 000 аралығында науқас түссе және R 1-ден аз болғанда.

"Қызыл" аймақ: Ауруханалардағы төсек-орындарда 5 000 науқастан және R 1-ден жоғары болғанда, R-ге қарамастан ауруханаларға 10 000-нан астам науқас жатқызылғанда.

Ажар Ғинияттың айтуынша, "сары" аймаққа көшкеннен кейін өңірлерде бизнеске салмақ салмай, инфекция ошағын оқшаулауға және карантин талабын күшейтуге бағытталған қосымша шаралар қабылданады.

"Өңірлер "қызыл" аймаққа көшу кезінде "сары" аймақта қабылданатын шаралармен қатар, ауруханалар мен алғашқы медициналық көмек мекемелердің жүктемесіне байланысты екі кезең бойынша халықтың қозғалысын және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін шектеу шаралары қабылданады", – деді министр.

Іс-шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберілді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу