Елімізде ерекше балаларға арналған 98 арнайы мектеп-интернат бар

1578

Қазақстанда 33 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және 23 түзету кабинеттері ашылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде ерекше балаларға арналған 98 арнайы мектеп-интернат бар Фото: azattyq-ruhy.kz

"Осы жылдан бастап түзету және қолдау көрсету үшін жеке меншік ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс орналастырылады. Ол мұқтаж балаларға тең білім беру қызметтерін алуға қолжетімділікті кеңейтуге көмектеседі. Аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс істеу үшін заманауи әдістері әзірленіп, қазақ тіліне бейінделеді, мамандар қайта даярлаудан өтеді", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, еліміздегі есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, психикасы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 98 арнайы мектеп-интернатқа қажетті құрал-жабдық сатып алынбақ.

"Біз мектептің Үлгілік штаттарына педагог-ассистенттерді қостық. Оның арқасында мыңдаған ерекше балалар мектептерде тең оқуға мүмкіндік алды. Бұл бағыттағы жұмыс балабақшалар деңгейінде де ұйымдастырылады", - деп қорытындылады ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу