Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады

693

Қазан айының екінші жексенбісі елімізде Мүгедектігі бар адамдар  күні болып белгіленген.

Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда тұратын мүгедектігі бар 719,3 мың адамның 422,5 мыңы еңбекке қабілетті жастағы (58,7%), 189,9 мыңы зейнеткерлік жастағы (26,4%) азаматтар болса, 106,9 мыңы 18 жасқа дейінгі балалар (14,9%), деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда мемлекеттік көмек және жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түріндегі қолдау; әлеуметтік оңалту шеңберінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеу; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді.

Мүгедектігі бар адамдардың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмек, сурдо-тифлотехникалық құралдар, кресло-арбалар, санаторлық-курорттық емдеу, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Қазақстанның барлық өңірінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде", – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың  саны 538,4 мың адамды құрайды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша МӘЖ төлеуге 298,5 млрд теңге бағытталды.

МӘЖ мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 2023 жылдың 1 қазанына мүгедектігі бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері 68 464 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу