Елімізде есірткіге тәуелді 18 мың адам бақылауда тұр

"Синтетикалық" жаңа психоактивті  есірткі заттарына тәуелді адамдар санының өсу тенденциясы байқалады. 

Елімізде есірткіге тәуелді 18 мың адам бақылауда тұр Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты.

"Ресми статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда психоактивті заттарды қолдану салдарынан 108851 адам, оның ішінде алкогольге тәуелділігі бар - 90608 адам, есірткіге тәуелділігі бар - 18243 адам динамикалық  бақылауда  тұрады. 1498 әйел мен 97 кәмелетке толмаған бала  есірткіге тәуелді болып отыр. "Синтетикалық" жаңа психоактивті  есірткі заттарына тәуелді адамдар санының өсу тенденциясы байқалады", – деді министр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу