Елімізде ескі көліктер нарығы қайта жандана бастады. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында қазақстанда 236,9 мың жеңіл автокөлік тіркелген. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 6,9 пайызға көп. Жалпы жеке тұлғалар 62,3 мың, ал заңды тұлғалар 2,8 мың көлікті есепке қойған. Тіркелген автокөліктердің ішінде 43 мыңнан астамы 10 жылдан астам уақыт қолданыста болған. 3 жарым мыңы 7-10 жылдай жүргізілген. Ал, 4,9 мыңы 3 жылға жуық уақыт пайдаланылған екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу