10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктер саны 19,4 пайызға артты. Нақты айтқанда жыл басынан бері шамамен 962 көлік есепке алынған. Оның 10 пайызы бастапқы, ал 20 пайызы қайталама нарыққа тиесілі. Сатылымның басым бөлігі Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген.
Айта кетер жайт, есепке алынған темір тұлпарлардың басым бөлігі 10 жыл бұрын шығарылған. Деректерге сүйенсек, биылғы жылы саудаға түскен 20 жылдық көліктер үлесі 36 пайызға дейін көбейіп отыр. Бұл отандық автопарктің ескіргендігін көрсетеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу