Елімізде ескі үйлердің де бағасы қымбаттаған

589

Тұрғын үйді жалға алу Алматы қаласында 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 89,7%-ға өскен.  

Елімізде ескі үйлердің де бағасы қымбаттаған Фото: stan.kz

Ұлттық статистика бюросы жүргізген ай сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша, жыл ішінде қайталама нарықта да, жаңа тұрғын үй нарығында да баға айтарлықтай өскен, деп жазады inbusiness.kz.

Ұлттық статистика бюросы дерегінше, 2021 жылғы қазан айы мен 2022 жылғы қазан айы аралығында пәтерлерді қайта сату бағалары – 27,1%, жаңа тұрғын үйлерді сату 16,6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2022 жылғы қазанда 54,2% артты.

"Өңірлер бөлінісінде жаңа салынған үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 30,3%-ға, Өскеменде 26,3%-ға, Қостанайда 25,4%-ға қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімі Талдықорған (44,6%), Семей (44%), Ақтау (43,3%), Ақтөбе (42,4%) қалаларында қатты байқалды. Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында былтырғы қазанға қарағанда баға Алматы  (89,7%), Қарағанды (64,2%), Қостанай (58,5%) қалаларында айтарлықтар көтерілген", - делінген хабарламада.

Биыл қыркүйек айымен салыстырғанда қолданыстағы пәтер бағалары – 2,1%,  жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда 5,6%-ға көтерілген.

Бір ай ішінде қайталама нарықта пәтер бағалары – 2,1%,  жаңа тұрғын үйді сату 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны қыркүйек айына қарағанда 5,6% қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу