Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты

724

Өткен жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ет консервілерінің өндірісі 5,5%-ға артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.    

Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты Фото: flagma.kz

Аталған кезеңде 6,2 мың тонна ет консервілері өндірілсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 327 тоннаға аз болған.

“Былтыр ет-көкөніс консервілерінің өндірісі бірден 32,5%-ға өсті. Егер 2021 жылы өндірушілер консервілердің осы түрлерінің 874 тоннасын шығарса, 2022 жылы 1 182 тоннасы өндірілген. Сондай-ақ, қызанақ консервілерінің өндірісі де өсті. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өсім 9,6%-ды құрады”, - делінген хабарламада.

Бұл ретте көкөніс консервілерінің өндірісі 20,4%-ға азайып, 7,4 мың тоннаны құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу