Министрдің сөзінше, қазіргі таңда жемнің бағасы өсіп жатқан жоқ, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазір құрғақшылықпен байланысты шөптің тапшылығы болса, онда бұл мәселені (ред. – бағаны көтеру) әрине көтеруге болады. Жалпы айтқанда жемнің бағасы қазір өсіп жатқан жоқ. Ресейден арзан бидай келе жатыр. Сол себептен Ресейден арзан бидай автокөлікпен әкелінбесін деп соны жаптық", - деді ол Үкімет кулуарында.
Тілшілер министрден "Еттің бағасы қымбаттауы мүмкін бе?" деп сұрады.
"Ет бағасына әсер ететін жем-шөп. Оның екі аспектісі болуы мүмкін. Қазір мына құрғақшылық тапшылыққа әкелсе, сонда оны қарастыру керек. Бірақ "Азық-түлік корпорациясы" запас дайындады. Бидайдың 235 мың тоннасы дайын. Әрине ол стратегиялық қор сияқты. Қажет болса, оны шығарамыз", - деп қысқа қайырды Серік Жұманғарин.