Соңғы 15 жылда елде ауыл шаруашылығында еңбек ететіндердің саны екі есеге қысқарған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
LS келтірген дерекке сүйенсек, 2010 жылы бұл салада 2,3 миллионнан астам адам жұмыс істесе, 2025 жылдың екінші тоқсанында олардың саны 1 миллионға дейін қысқарды.
Ең күрт төмендеу 2013-2015 жылдары тіркелген. Сол уақытта ауыл шаруашылығындағы жұмысшылар саны 2,07 миллионнан 1,3 миллион адамға дейін азайды. Мұнымен қатар, жалақы өссе де саладағы еңбек ақының деңгейі ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен болған.
2010 жылы орташа айлық 36,4 мың теңге болса, 2025 жылдың екінші тоқсанында 310,8 мың теңгеге жетеді.
Қызметкерлердің жас құрылымы да алаңдатады. Салада ең көп жұмыс істейтіндер – 35 пен 64 жас аралығындағы азаматтар (626 мыңнан астам адам). 65 жастан асқандардың саны 45 мыңнан жоғары, ал 25 жасқа дейінгі жастардың үлесі небәрі 94 мың адам шамасында.
Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығындағы кадр тапшылығының тереңдеп бара жатқанын айтады.